"Нұрлы жер" жобасымен баспана алу машақаты
Your browser doesn’t support HTML5
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлда "Нұрлы жер" бағдарламасы төңірегінде шу шықты. "Жас өркен" ықшам ауданындағы 12 қабатты тұрғын үй алдында 20-дан астам қала тұрғыны жиналып, шағым айтты. Тұрғындар "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында байқаудан өткен, бірақ әлі күнге дейін үйлерін ала алмай жүр. Жергілікті әкімдік үйді 2 жыл бұрын тапсыруы тиіс еді.