"Біз жеңеміз!" Аштық акциясы жалғасып жатыр
Your browser doesn’t support HTML5
Шетелдегі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов басқаратын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" қозғалыстарын "экстремистік ұйым" деген сот шешімін өзгертуді талап етіп, белсенділердің аштық жариялап жатқанына екі аптаға жуықтады. Полиция ұстап әкеткен шымкенттік белсенділер акцияны тоқтатуға мәжбүр болған. Алматылықтар "еңбектеп қалсақ та үзбейміз" дейді.