1986 жылы ақпан айында Қазақ ССР компартиясының бірінші хатшысы болып қайта сайланған Дінмұхаммед Қонаевты сол жылы желтоқсанда Мәскеудегі Орталық комитет шешімімен қызметінен босатып, орнына Геннадий Колбинді тағайындады. Осы оқиғадан соң жастар наразылығы Желтоқсан оқиғасына ұласты. Мәскеу Қонаевты «Бірінші хатшы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен 1987 жылы коммунистік партия қатарынан да шығарған.
Видеода бірінші хатшы Дінмұхаммед Қонаевтың 1977 жылы қыркүйек айында Көкшетау облысына барған сапары және 1978 жылы қараша айында КПСС Орталық Комитетінің Бас хатшысы Леонид Брежневтің «Тың» кітабын талқылауға арналған республика партия активі жиынында баяндама жасағаны көрсетілген.
Тарихи видеода сол кезде Қазақ ССР Министрлер советінің төрағасы қызметін атқарған Бәйкен Әшімов пен Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Әуелбеков бейнесі бар. Бәйкен Әшімов 1985 жылы зейнетке шығып, 2010 жылы қайтыс болды. Қазақстанның бірнеше облысын басқарған Еркін Әуелбеков Қонаевтан кейінгі біиліктен үміткерлердің бірі болды деген пікірлер айтылады. 1991-92 жылдары Қазақстан президентінің кеңесшісі болған ол 1999 жылы өмірден озды.
Тың көтерудің және ядролық сынақтардың жалғасуы, Ресей полигондарының қанат жаюы, Арал теңізінің тартылуы, көршілес одақтас елдермен территориялық әкімшілік құрылымдағы өзгерістер, қазақтілді мектептердің жабылуы, мал шаруашылығындағы комсомол-жастар бригадаларының құрылып , насихатталуы және ірі құрылыстар мен өндіріс орындарының салынуы Қазақстанды Қонаев басқарған кезге тұспа-тұс келді. Оның кейбірі Қонаев билікке келгенге дейін басталып кеткен болатын.
Видео Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынды.