Архаттағы Мыңжылқы сайы. Бұл жерде 1980 жылы "Жаушы" көркем фильмі түсірілген. Фильмге жоңғарлармен соғыс және сол кездегі ғашықтық хикаясы арқау болған. Әнуар Әлімжановтың осы аттас романы желісімен фильмді режиссер Әзербайжан Мәмбетов түсірген.
"Жаушы" фильмінің эпизодына түскен Архат ауылының адамдары осы тас шоқылардың үстінде тұрып төменге қарай кесек тастар макетін лақтырғанын айтады.
Тас шоқылардың бірі.
Табиғи құбылыстар салдарынан құлаған тастар.
Мыңжылқы сайындағы шоқы.
Бауырымен жорғалаушы жануарға ұқсайтын тас мүсіндердің бірі.
Мыңжылқыдағы "бауырымен жорғалаушылардың" бірі.
Архаттың Мыңжылқы сайындағы тау жынысының орналасу тәртібі де назар аударады.
Тас-мүсін.
Тас шоқылар арасында тоғай мен арша өседі.
Жергілікті адамдар бұл шоқыны "Шіркей-тас" деп атайды.
Мына жерді ел "Үш-қазан" деп атайды. Жоғарыдан түскен бұлақ суы төменге жеткенше үш шұңқырдан ағып өтеді.
Әулие-бұлақ сайы.
Әулие-бұлақтағы үңгірлердің бірінің ауызы.
Үңгірде ырым үшін "ақтық қоятын орын" да белгіленіпті.