Арқалық қаласының кіреберісіндегі жол бойындағы жазу. Қостанай облысы, 28 тамыз, 2020 жыл.
Арқалық қаласының әуеден түсірілген суреті, Қостанай облысы, 26 тамыз, 2020 жыл.
Жаңа оқу жылы қарсаңында көшедегі жайма базарда оқу құралдарын сатып отырған адам. Арқалық қаласы, Қостанай облысы, 29 тамыз, 2020 жыл.
Совет өкіметі тұсында, 1985 жылы шыққан "Урал" мотоциклін әлі теуіп жүрген Арқалық тұрғыны.
Қала көшесінде газдалған сусын сататын адам қондырғысын іске қосып жатыр. Арқалық, Қостанай облысы, 29 тамыз, 2020 жыл.
Арқалық қаласындағы жергілікті базар маңындағы қарбалас.
Совет кезіндегі Торғай боксит кен басқармасы кәсіпорынынан қалған кен орны.
Торғай боксит кәсіпорнының жұмысшылары еңбек жәрмеңкесінде. Арқалық, Қостанай облысы, 27 тамыз, 2020 жыл.
Торғай боксит кәсіпорны жұмысшылары еңбек жәрмеңкесінде жұмыс берушімен сөйлесіп тұр. Арқалық, Қостанай облысы, 27 тамыз, 2020 жыл.
Жолаушы күтіп тұрған такси жүргізушісі. Қала ішінде такси бағасы - 300 теңге. Арқалық, 29 тамыз, 2020 жыл.
Бір кездері Торғай облысы әкімдігі болған көпқабатты ғимаратта қазір Арқалық қаласы әкімдігі жайғасқан. Совет кезінде коммунистер көсемі Владимир Ленин тұрған тұғырда қазір Амангелді Имановтың ескерткіші тұр.
Теміржол вокзалы перронында тұрған пойыз бен жолаушы.