Астроклиматы қолайлы Асы обсерваториясы
Жотадағы обсерваторияның таңғы көрінісі.
Обсерваторияға баратын жолдың жақсы деген тұсы осындай.
Обсерватория маңы жылқының өрісіне айналғаны байқалады.
Обсерватория күмбезі маңындағы жылқы.
Жол Асы асуына жеткенше өрлеп отырады да одан кейін жайдақтала бастайды. Айбат шеккен жылқының фонында - Асы жайлауының Бартоғай су қоймасы бағытындағы көрінісі.
Велосипедпен келген польшалық турист Януштың телескопты көре алмаса да, обсерватория қоршауының түбіне бір қонып қайтып бара жатқан беті.
Обсерватория қоршауының сыртқы қақпасы. Астрофизика институтының қызметкерлері вахталық тәсілмен өз жұмыстарын да жүргізеді және обсерваторияны да күзетеді.
Қолданыстағы обсерватория күмбезі мен қолданыстан қалған ғимарат.
Обсерваторияның үлкен және кіші күмбездері.
Үлкен күмбез.
Үлкен күмбездің кіреберіс жағы.
Обсерваторияға су жоғары жақтағы жайлаудан құбырмен тартылған. Құбыр бойындағы сайдың бірі таяуда сөгіліп құлапты.
Асы жайлауына тән өсімдіктің бірі - еңлікгүл.
Асы жайлауындағы жылқылар.
Асы жайлауынан Түрген шатқалына түсетін жолдың қауіпті тұстарының бірі. Жолдың басқа да күрделі тұстары көп. Жазда тастың сырғуы, қыста қар көшуі тәрізді апатты жағдайдың алдын бөгеу қарастырылмаған. Көпірлер де совет заманынан қалған.