Алматыда полиция Гоголь мен Панфилов көшелерінің қиылысында жүрген адамды ұстап әкетіп барады
Он шақты адам қаладағы Гоголь мен Панфилов көшесінің қиылысында жиналып, наразылықтарын білдіріп тұрды. Олардың арасында елдегі соңғы саяси шешімдерге, биліктің әрекетіне, Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге қарсы пікір айтқандар бар.
Полиция жергілікті уақытпен 11.30 шамасында осы маңға жиналған ондаған адамды ұстай бастады. Ұсталғандардың бірі полицияға "неге ұстап жатырсыңдар? Аналарың, балаларың жоқ па?" деп жанұшыра айғайлады. Алматы.
Полиция "Наурыз мейрамын тойлауға келген" адамды әкетіп барады.
Алматы тұрғыны (ортада) Астананың атын өзгертуге қарсы пікір айтып тұр.
22 наурызда Астанада "Шапағат" сауда орталығының маңында полиция адамдарды ұстап әкетті. Бұл оқиғаны түсіруге барған Азаттық тілшілері Өркен Жоямерген мен Тимур Айтмұханбетовке сол маңда жүрген, өздерін "студентпіз" деп таныстырған бір топ жас жұмыс істеуге кедергі келтірді. Жастардың бірі Азаттықтың түсірілім тобының камерасын қағазбен көлегейлеп тұр.
Жастардың арасында камераға келіп, Наурыз туралы құттықтау айтып, өлең оқығандары да болды. Олар оператордан адамдардың ұсталған сәтін емес, өздерінің биін, әнін түсіруді сұрады. Азаттық тілшілері полицияға шағымданғанымен, шара қолданбады.
Астанада Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтірген жастар.
22 наурызда Шымкенттегі орталық саябақтардың біріне Наурыз мерекесіне келген төрт адамда полиция алып кетті.