Қаңтардың 30-ы күні Алматыдағы "Арман" кинотеатрында журналист Жанболат Мамайдың 20-ғасырдың бас кезінде Қазақстанда болған ашаршылық туралы деректі фильмі көрсетілді.
Бір сағат 25 минутқа созылған деректі фильмді көруге бірнеше мың адам жиналды. Бес бөлімнен тұратын "Зұлмат" деректі фильмінде қазақстандық тарихшылардың 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы екі ашаршылық және оның себептері жайлы нақты деректері рет-ретімен көрсетілген.
Қарай отырыңыз: Ашаршылық туралы фильмдегі аншлаг (31 қаңтар 2019 жыл).
Your browser doesn’t support HTML5
Жанболат Мамай Қазақстандағы сталиндік репрессия туралы келесі деректі фильмді түсіруге кіріскенін де жақында хабарлаған.
Қазақстанда бұл кезеңдерді зерттеген ғылыми еңбектер де, әдеби шығармалар да, кино-телетуындылар да бар. Алайда қоғам ішінде бұл тақырыптар төңірегінде айтыс-тартыс, пікірталастар да туындап қалады. Ашаршылық пен репрессия кезеңіндегі кей тұлғалардың саяси орны туралы архив құжаттарын көру қиындығы да кездеседі.
Азаттықтың Алматы студиясындағы AzattyqLIVE тікелей эфир хабарына «Зұлмат» фильмінің авторы, журналист Жанболат Мамай қатысты.
Тікелей эфир хабарының видеосы: