"Ұйғыр трибуналына" барған азамат қысым көріп жатқаны мәлімдеді
Your browser doesn’t support HTML5
Шыңжаңның саяси лагерінде болып, кейін сол жөнінде Лондондағы "Ұйғыр трибуналында" куәлік еткен Бақытәлі Нұр Қазақстанда қысым көріп жатырмын дейді. Ол "Ұлттық қауіпсіздік комитетіненмін" деген белгісіз біреулердің "тыныш жүр, әйтпесе салдары жаман болады" деп өзіне қоқан-лоқы жасағанын айтады.