"Жай адам кіре алмайды". Бозжырадағы қонақүй құрылысы бойынша талқы қалай өтті?
Your browser doesn’t support HTML5
Маңғыстау облысы Құрық ауылында 5 ақпанда өткен қоғам тыңдауында Бозжыра шатқалына қонақүй салу жобасы талқыланды. Шараға Алматы мен Нұр-Сұлтаннан арнайы келген белсенділер де қатысты. Ұйымдастырушыларға мұндай белсенділік ұнаған жоқ. Олар экобелсенділер мен қоғам өкілдеріне сұрақ қоюға мүмкіндік бермей, микрофонды тартып алды.