Тікұшақ апатынан 4 адам зардап шекті
Your browser doesn’t support HTML5
Төтенше жағдайлар комитеті мен азаматтық авиация комитетінің дерегінше, 7 қыркүйекте Euro-Asia Air әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы Қызылорда облысының (көліктегі бас прокуратура дерегінше, Қарағанды облысының) аумағында апатқа ұшыраған. Тікұшақта "ҚазТрансОйл" компаниясының Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының 19 жұмысшысы мен экипаждың 3 мүшесі болған. Апаттан зардап шеккен төрт адам Қызылорда қаласындағы ауруханаға түсті.