Полиция тірі әкетіп, өлі қайтарды
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда 5 қаңтар күні алаңға барғаны үшін 9 қаңтарда үйінен ұсталып, 15 тәулікке қамалған Жасұлан Анафияевтың сау-тамтығы жоқ денесін туыстары кеше мәйітханадан алған. Мәйітхана сарапшысы "өлімге панкреатит себеп болды" деп қағаз жазып берген. Бірақ оның мүрдесін көрген жақындары 48 жастағы азаматтың азаптаудан көз жұмғанына сенімді.