Кәсіпкер аудан әкімін әкесіне тендер береді деп айыптады. Әкімдік келіспейді
ШҚО Глубокое ауданында «жол жөндеу тендерлері әкімнің әкесінің компаниясына беріледі» дейді кәсіпкер Виктор Леонтьев. Ол екі айдан бері 20-дан астам қызметкерімен бірге жұмыссыз қалған. Кәсіпкер айтып отырған Глубокое ауданына мәжіліс депутаты Лұқбек Тұмашиновтің ұлы Эльдар Тұмашинов басшылық етеді.