Eco Kundelik-ке сұхбат берген ғалым Марат Нұртас қаңтар мен наурызда Алматыда болған, жұртты шошытқан жер сілкінісін “жасанды интеллектінің көмегімен алдын ала болжай алдық, алайда ол тек ғылыми зерттеу деңгейінде ғана болған” дейді.
"Қаңтар мен наурызда жер сілкінісі болады деген болжамымыз тура келді". AI апаттарды дәл болжай ала ма?
Your browser doesn’t support HTML5
Кейінгі айлардағы су тасқыны, жер сілкінісі, былтырғы орман өрті мен қуаңшылық табиғи апаттарды алдын ала болжау маңыздылығын көрсетіп отыр. Мамандардың сөзінше, әзірге Қазақстанда табиғи апаттарды болжағанда көбіне ескі тәсілдер пайдаланылады.