"Екі ай пәтерақы төленбеді". Алты балалы отбасының карантиндегі мұқтаж өмірі
Your browser doesn’t support HTML5
Уақытша баспанада тұратын көп балалы Аққу Әлімжанова карантин салдарынан екі айдай пәтерақысын төлей алмай отыр. Астаналық әйелдің жақында ғана алтыншы сәбиі дүниеге келген. Күйеуі жұмысшы. Қалада шектеу шаралары күшейгеннен бері оның да жұмысы тоқтап қалған. Қазір бұл шаңырақ балаларға тағайындалған 53 мың теңгелік жәрдемақыға қарап отыр.