Ащысай тұрғынының өлімі мен 13 жыл бұрынғы қазақ-шешен жанжалының байланысы бар ма?
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылының тұрғыны Нұрлан Ахметов 14 тамызда кісі қолынан қаза тапты. Туыстары Нұрланның өлімін 2007 жылғы Бәйдібек би ауылындағы қазақ-шешен қақтығысымен байланыстырады. Қайтыс болған азаматқа бұған дейін де бірнеше рет қастандық жасалған.