Белсенді Дулат Ағаділмен қоштасу
Дулат Ағаділдің жаназасы өзі тұрған Талапкер ауылындағы мешітте шығарылды. Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
43 жастағы белсенді Дулат Ағаділді 24 ақпанда кешке Ақмола облысы Талапкер ауылындағы үйінен полиция күштеп алып кеткен. Ертеңіне таңертең билік белсендінің Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қайтыс болғаны туралы хабарлады.
Қатты боран мен аязға қарамастан, белсендімен қоштасуға мыңнан аса адам келді.
Суретте: Дулат Ағаділдің жаназасында намазға тұрған ер адамдар. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында белгісіз жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің жаназасына келген адам жылап отыр. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
Дулат Ағаділді өзі тұрған Талапкер ауылының шетіндегі зиратқа жерледі.
Белсенді Дулат Ағаділдің қабірінің басында. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
Дулат Ағаділді жер қойнауына тапсырғаннан кейін құран оқып отырған адамдар. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
Белсенді Дулат Ағаділдің қабірінің басындағы уақытша белгі. Талапкер ауылы, Ақмола облысы.
Дулат Ағаділдің туыстары марқұмның жаназа асында отыр. Талапкер ауылы, Ақмола облысы. 27 ақпан 2020 жыл.
Дулат Ағаділді жерлеген күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент пен Таразда марқұмды еске алуға белсенділер жиналды. Олар Дулат Ағаділдің өліміне билікті айыптады.
Суретте: Тәуелсіздік ескерткіші алдына Дулат Ағаділді еске алуға жиналған адамдар. Алматы, 27 ақпан 2020 жыл.
Алматыда еске алу акциясына жиналғандар Дулат Ағаділ "жүрек талмасынан қайтыс болды" деген ресми ақпаратқа күмән келтірді. Олар белсендінің өліміне қазіргі билік жауапты деп мәлімдеді.
Акцияда сөйлегендер елде отыз жылдан бері адам құқықтары таптап, азаматтардың бостандығын шектеп, халықтың байлығы мен билікті иемендіп алды деп Қазақстанның бұрынғы президенті, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрcұлтан Назарбаевты сынап, оның өзі мен үлкен қызы, парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін және үкіметтің тарауын талап етті.
Тәуелсіздік ескерткіші алдына жиналған адамдар марқұм Дулат Ағаділге бағыштап құран оқыды.
Тәуелсіздік ескерткіші алдында марқұм Дулат Ағаділге құран бағыштап отырған адамдар.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткіші алдында белсенді Дулат Ағаділдің суреттерін ұстап тұрған азаматтар.
Тәуелсіздік ескерткіші алдында өтіп жатқан акцияны полиция сыртай бақылап тұрды.
Тәуелсіздік ескерткіші алдындағы акциядан кейін жиналғандардың бір бөлігі Алматы қалалық прокуратурасына барып, өткен аптада билік әкімшілік қамауға алған белсенділерді босатуды талап етуді ұйғарды.
Шымкентте марқұм белсендіні еске алуға жиналғандар "Дулат Ағаділ қош бол!", "Біз Қазақ елі сені ұмытпаймыз" деген жазуы бар плакаттар, Ағаділдің суреттер ұстап тұрды.
- Дулат Ағаділдің қазасы бізге өте ауыр тиді. Бұл Тоқаев президент болғалы бері демократия үшін, әділдік үшін, шындық үшін күресіп, қаза болған бірінші азамат. Мұны біз ешуақытта ұмыта алмаймыз. Ел мүддесі үшін азаматтарды қудалауды доғарыңдар! - деді сөзін билікке үндеу жасап аяқтаған белсенді Жарқынбек Сейтінбек. Шымкент, 27 ақпан 2020 жыл.
Еске алу акциясын қарапайым киім киген он шақты полиция қызметкері сырттай бақылап жүрді. Құран оқып жатқан кезде бір полицей суретке түсіре бастап еді, белсенділер оны қуып жіберді. Шымкент, 27 ақпан 2020 жыл.
Ақтөбеде белсенділер "Нұрдәулет" мешітіне жиналып, Дулат Ағаділге құран бағыштады. Олар белсендінің мезгілсіз қазасына билікті кінәлап, белсенділерді қуғындауды тоқтатуды талап етті.
Жиналғандар Дулат Ағаділдің әділет үшін күрескен батыл азамат, көп балалы аналарға араша түскен күрескер болғанын айтып, оның өліміне билікті айыптады.
Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділді еске алуға жиналған адамдарды видеоға түсіріп тұрған полиция қызметкері. Ақтөбе, 27 ақпан 2020 жыл.
Таразда бір топ белсенді жергілікті Һибатулла Тарази мешітінде марқұм Дулат Ағаділге құран бағыштады. 27 ақпан 2020 жыл.