"Мәңгілік полк", полиция және Амантай қажы
"Мәңгілік полк" шеруіне келгендер Алматыдағы Астана алаңынан бастап, 28 панфиловшылар паркіне дейін, 2 шақырымдай жол жүрді.
"Мәңгілік полк" шеруіне қатысушылардың бірі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жақынының фотосын ұстап тұр.
"Мәңгілік полк" шеруі кезінде қалада полиция көп жүрді.
Шерушілер арасында Сталиннің портреті мен Совет одағының туын ұстағандар да болды.
Иосиф Сталиннің портреті бар футболка киген қатысушылардың бірі. Сталиннің суреті, қызыл ту, Совет әскерінің формасы - "Мәңгілік полк" шарасының негізгі атрибуттары.
Шеруді бастап келе жатқан әскери оркестр.
28 панфиловшылар саябағында жұрт көп. Оркестр, гүл, ардагерлер...
Таңертеңнен бастап паркте интернетке кіру қиындады. Жұрт "әдейі интернетті бұғаттап жатыр" десті. Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов халықты 9 мамырда билікке қарсы митингіге шығуға шақырған.
Мерекеге келгендер суретке түсіп жатыр.
Паркте жүрген жұрт.
"Аттан! Қазақстан!" қозғалысының жетекшісі Амантай қажы жұрт алдында сөйлеп тұр. Ол бірнеше рет "Мир! Труд! Май! Кажы Амантай!" ("Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр! Амантай қажы!") деп айғайлады. Оның лозунгіне полиция назар аударған жоқ.
Әскери бас киім мен лента сатып жүрген жас. Лентаның бағасы - 100 теңге (0,26 доллар), қалпақтың құны - 1000 теңге (2,6 доллар).
Паркте полиция күзеті қатаң болды. Солардың бірі журналистерге келіп, қызметтік куәлігін тексерді. Деректерді қағазға жазып алды.
Суретте: полиция Vlast.kz сайтының тілшісі Данияр Молдабеков пен Ольга Логинованың куәліктерін тексеріп жатыр.
Паркте полициядан бөлек арнайы жасақ өкілдері де көп жүрді.
"Мәңгілік полк" шарасына келген зейнеткерлердің бірі.