Полиция азаптаған соң "ештеңе болмады" деген қолхат жаздырған
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысының Қаскелең қаласында тұратын туысқан төрт адамды полиция қаңтар оқиғасына байланысты ұстап әкетіп, бірнеше күн азаптаған. Үшеуін босатарда "ешкім ұрып-соққан жоқ" дейтін қолхат жаздырған. Ал қалтасынан граната табылған кіші ұлға қатысты "тәртіпсіздікке қатысты" деп айыптап, іс қозғалған. Бұл адамдардың шағымына байланысты полиция басқармасы ақпарат бермей отыр.