"Монетизация бар, бірақ YouTube-тен ақша алмаймын". Эфирден кетпеген журналист-депутаттар
Your browser doesn’t support HTML5
Мәжіліс депутаттарының кейбірі мемлекеттік телеарнада, бұған дейінгі жұмыс орны – YouTube-арнасында әлі эфир жүргізеді. Бірі тегін істейтінін, тағы бірі айлық алатынын айтады. Заңда депутаттың шығармашылық қызметпен айналысуына тыйым жоқ, бірақ бір заңгер депутаттардың әрекетінен қайшылық көреді.