Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының мердігері – Tranco Zhezkazgan теміржол компаниясының екі жүзден астам жұмысшысы еңбек жағдайына наразы. Жұмысшылар айлықты екі есе көбейтуді, жылына бір рет 13-жалақы төлеуді, емделуге жұмсаған шығынның орнын толтыруды, вахталық іссапарға шыққаны үшін тәулігіне 3000 теңге төлеуді талап етеді. Олармен Жезқазған қаласының әкімі кездескен. Компанияның жергілікті басшылығы жұмысшылар көтерген мәселені қарастыруға уәде еткен. Бірақ наразылар "Қазақмыс" корпорациясы басшылығының келуін талап етіп отыр.
Жезқазғандағы Tranco Zhezkazgan жұмысшылары айлықты көбейтуді талап етті
Your browser doesn’t support HTML5