Қордайдағы жанжалдан соң қанша адам ұсталғаны айтылмады
Your browser doesn’t support HTML5
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 10 адам қаза тапқан қазақ пен дүнген арасындағы этникалық жанжалдан соң қанша адамның қамалғаны әлі белгісіз. Үкімет жанынан құрылған комиссия да, ішкі істер министрлігі де ақпаратты ашып айтпай отыр. Билік жанжал кезінде 19 полицейдің жараланғанын хабарлады.