«Жедел жәрдем келе алмайды». Қызылордалықтарды қажытқан жол мәселесі
Your browser doesn’t support HTML5
Қызылордадағы әл-Фараби шағын ауданының ондаған тұрғыны көп жылдан бері әкімдікке шағымданып келсе де, көшелері жөндеусіз жатыр. Олардың сөзінше, жауын жауғанда көлік батпаққа батып, балалар мектептен қалады. Таяуда әкімдік шағын аудан жолдарын жөндей бастаған. Бірақ тұрғындар «негізгі көшелерді қалдырып кетіп жатыр» дейді.