Жетім қалған үшеу апатты үйлерінің құжатын қайтара алмай жүр
Your browser doesn’t support HTML5
18 жастағы қызылордалық Евгения Базаркина – сіңлісі мен бауырының жалғыз қамқоршысы. Әкесі жоқ, ал шешелері екі ай бұрын жүрек талмасынан көз жұмған. Үйдің үлкені үшеуінің жалғыз мүлкі – пәтерді банк бұғатынан босата алмай жүр. Апатты үйден жаңа пәтерге көшу үшін Евгения әуелі жарты миллион теңгеге жуық қарызды жабуы керек. Жәрдемақыға күн көріп отырған үш бауырдың оған жағдайы жоқ.