"Енді қайтейін енді..." Депутаттар шенеуніктер арасындағы жемқорлық жайлы не дейді?
Your browser doesn’t support HTML5
Transparency International ұйымының 2020 жылы жарияланған жемқорлық индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 113-орында тұр. Елдегі сыбайлас жемқорлық халі 2018 жылмен салыстырғанда, 11 сатыға нашарлаған. Күні кеше бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановтың да жемқорлық күдігіне ілінгені хабарланды. Азаттық депутаттардан шенеуніктердің жиі істі болуына кім жауапты деп сұрады.