Мұнайлы Маңғыстаудағы жұмыссыз бен жұмысшы мұңы
Your browser doesn’t support HTML5
Ақпан басталғалы Маңғыстау өңірінде он шақты мекеме жұмысшылары Қазақстан президентіне видео үндеу жасап, жалақының аздығына шағымданған. Олардың басым бөлігі Жаңаөзенде тұрады. Жұмысшылар жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартпайынша жұмысқа шығудан бас тартқан. Жаңаөзенде тағы бір топ - тұрақты жұмыс орнын ашуды талап еткен жұмыссыз азаматтардың наразылық акциясында тұрғанына ай толды.