Оралдағы қызыл әскер ескерткішін орнынан алу
Your browser doesn’t support HTML5
Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жол-пайдалану кәсіпорны жұмысшылары Қызыл армия сарбазы Михаил Гавриловке қойылған ескерткішті орнынан алуға кірісті. Билік органдары 1958 жылы темір-бетоннан тұрғызылған ескерткіш мемлекет қорғауындағы нысандар тізімінен 2008 жылы шығарылғанын айтады. Бұған дейін ескерткішті қаладағы әскери-техникалық мектептің қасына көшіру жайлы ұсыныс айтылған еді.