"Әр балаға 42500 теңге берсін". Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер тағы наразылық білдірді
Your browser doesn’t support HTML5
22 ақпанда Нұр-Сұлтанда ондаған әйел "Нұр Отан" партиясының бас кеңсесіне жиналып, баспана, әлеуметтік жәрдемақы мәселесін тағы көтерді. Олар әр балаға 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеуді талап етті. Айтуларынша, қазір мемлекет 10 мың теңге береді және ол ештеңеге жетпейді.