Назарбаев және АҚШ-тың бес президенті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевт АҚШ-қа алғашқы рет 1992 жылы мамырда сапарлап барды. Ол Ақ үйде үлкен Джордж Бушпен кездесді. Вашингтонда екі ел басшылары сауда қарым-қатынасы, капитал құю келісімдері мен АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық меморандумына қол қойды. 




 

Үлкен Джордж Буш пен Нұрсұлтан Назарбаев құжаттарға қол қойғаннан кейінгі сәт. 20 мамыр 1992 жыл. 

АҚШ президенті Билл Клинтон мен Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау келісіміне қол қойғаннан кейінгі қол алысу сәті. 14 ақпан 1994 жыл. 

АҚШ президенті Билл Клинтон мен Назарбаевтың қол алысу сәті. Ортада - Әзірбайжанның сол кездегі президенті Гейдар Алиев. Сурет Каспий теңізінен әлемдік нарыққа Түркия арқылы көмірсутек тасу келісіміне қол қою рәсімінде түсірілген. Стамбул, Түркия, 18 қараша 1999 жыл. 

АҚШ президенті кіші Джордж Буш Ақ үйдегі кабинетінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдап отыр. 29 қыркүйек 2006 жыл. 

БҰҰ сол кездегі төрағасы Кофи Аннан (бірінші планда), сол кездегі Қазақстанның сыртқы істер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта), АҚШ президенті Джордж Буш және Қазақстан президенті Назарбаев "Үлкен сегіздік" жиынында. Санкт-Петербург, 17 шілде 2006 жыл.  

АҚШ-тың 44-і президенті Барак Обама мен Назарбаев Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік саммиті кезінде. 11 сәуір 2010 жыл. 

Барак Обама мен Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында кездескен сәті. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2015 жыл. 

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы Сауд Арабиясындағы араб елдерінің саммитінде кездесті. 

16-18 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.