Жаңаөзенде жұмыссыздар әкімдікке талаппен тағы да келді
Your browser doesn’t support HTML5
11 наурызда Жаңаөзен қаласында жұмыссыз тұрғындар әкімдік алдына тағы да жиналды. Олар тұрақты жұмыс орындарын құру туралы талаптары орындалмағанын айтып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жасады. Наразылар қала әкімімен кездесуді талап етті. Жергілікті жұмыспен қамту бөлімінің өкілі Ажархан Тұрақова қазіргі кезге дейін 291 адамға жұмысқа жолдама берілгенін айтты.