"Қазақ балаларынан Месси мен Роналду секілді футболшы шығарғым келеді"
Your browser doesn’t support HTML5
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Арландар" балалар әуесқой футбол клубының директоры Фазылбек Әбсаттарұлы талантты жеткіншектерді іріктеуді бастады. Биыл күзде клубына кемінде 15 бала алмақшы. Португалия футбол академияларымен байланыс орнатқан. Ерекше дарынды балаларды бір жыл тегін жаттықтырып, сол елге апарады.