Грузияда көз жұмған қыздың туыстары "суицид болды" дегенге сенбейді
Your browser doesn’t support HTML5
Грузияға жұмыс істеуге барып, белгісіз жағдайда қаза болған Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның сүйегі Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғап, тергеп жатқан грузин полициясы мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Айтпаева суицид жасаған" дейді. "Бұған сенбейміз" деген марқұмның туыстары әділ тергеу талап етеді.