"Еттің бағасын естігенде шошып кетеді". Азық-түлік бағасы шарықтап барады
Your browser doesn’t support HTML5
Кейінгі бірнеше айда Қазақстанда азық-түлік бағасы айтарлықтай қымбаттады. Күнбағыс майы, жұмыртқа, ет пен сүт, көкөніс бағасы былтырғымен салыстырғанда екі есе өскен. Мемлекет бағаға пандемия кінәлі екенін алға тартып, мәселе шешілетінін айтады. Кейбір сарапшы елдегі қымбатшылыққа жемқорлықтың қатысы бары деп есептейді.