Қаңтар оқиғасынан соң қамалғандардың туыстарын бас прокурор қабылдамады
Your browser doesn’t support HTML5
9 наурызда Семей, Өскемен, Талдықорған, Алматы, Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтандағы бас прокуратураға келген бір топ адам Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған балаларын, жақындарын босатуды талап етті. Олар бас прокурормен кездесуді сұрады. Кейбірі баласына оқ тигенін, кейбірі туыстарының абақтыда азапталғанын айтып зар жыласа да, бас прокурор олардың алдына шықпады.