Әкімдік солтүстіктен оңтүстікке көшкен бес балалы шаңырақты сотқа бермек
Your browser doesn’t support HTML5
Биліктің оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы аясында Түркістаннан Павлодар облысына қоныс аударған соң көп балалы шаңырақтың тұрмысы ауырлап кеткен. Көшіп барған жері жайлы болмағанын айтқан жалғызбасты әйел қазір астанада тұрып жатыр. Ал Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігі әйелді сотқа бермек.