"Әр шенеуніктің етегінен жылап еріп жүрміз". Балаларын ерткен екі әйел билікке шағым айтты
Your browser doesn’t support HTML5
Нұр-Сұлтанда бірнеше бала ерткен екі әйел биліктен көмек сұрап, министрлер үйінің алдына барды. Олар коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантин кезінде тұрмыс қиындағанын, жұмыс тоқтап, пәтерақы төлей алмай қалғанын айтады.