Нұр-Сұлтанда билікке талап айтқандарды "тыңдауға" ақын Дәулеткерей Кәпұлы келді
Your browser doesn’t support HTML5
Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді наразылыққа шығып, полиция қоршауында қалды. Кейбірін ұстап әкетті. Белсенділер биліктен Еуропарламен қарарындағы талаптарды орындауды сұрамақ болған. Еуропарламент ақпанда Қазақстандағы адам құқығына қатысты қабылдаған қарарында "Нұр-Сұлтан бейбіт митингіге шыққандарды қудалап, қысым жасайтынын", "саяси белсенділерді қамайтынын" сынаған. Билік қарарды "теріс ұстанымдағы саясаткерлер ұсынған" дегенімен, "теріс ұстанымдағы саясаткерлердің" атын атамаған.