Астана түбіндегі ауыл халқы нашар жолмен қалаға жете алмай әлек
Your browser doesn’t support HTML5
Нұр Сұлтаннан 30-40 км жердегі Арайлы және Жаңа Жайнақ ауылының тұрғындары жол азабын жылдар бойы тартып келеді. "Көктем мен қыста қар мен судың астында қаламыз" деген тұрғындар арызымызды әкім естімейді дейді. Ал жуырда сайланған әкімдер "проблема шешіледі" деп жұбатады.