"Өз еркімен кетті". Мәжіліс Бекболат Тілеуханды қалай шығарып салды?
Your browser doesn’t support HTML5
29 желтоқсан күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан қызметінен мерзімінен бұрын босатылды. Жиында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Тілеуханның Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті болып тағайындалғанын айтты. 2004-2021 жылдар аралығында төрт шақырылымның депутаты болып үлгерген Бекболат Тілеухан осы айдың басында Азаттық тілшісінің Арон Атабек туралы сауалына "Адам қай тілде сөйлесе, сол тілде жүрегі соғады... Ол – орыс мәдениетінің өкілі" деп жауап берген.