Парламент "журналистер депутаттардың соңынан жүгірмесін" дейді
Your browser doesn’t support HTML5
Парламент мәжілісі "жұмысқа кедергі келтіретінін" айтып депутаттардың жиыны өтетін залға журналистердің кіруін шектеді. Сонымен қатар, "тілшілер дәлізде депутаттардың соңынан жүгірмесін" дейтін талап қойды.