Өзбекстан қарақалпақстандық тәуелсіз журналистерді ұстады
Your browser doesn’t support HTML5
Өзбекстан бас прокуратурасы журналист әрі заңгер Дәулетмұрат Тәжімұратовқа қылмыстық іс қозғалып, журналист Лолагүл Қаллыханованы күдікті ретінде қамауға алынғанын мәлімдеді. Екеуі де Ташкенттің Қарақалпақстанды «егемен» статусынан айыру бастамасына қарсы шыққан еді. Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі ұсталған журналистердің аты-жөнін атаудан қашты.