30 жыл жарықсыз, сусыз отырған ауыл жұрты бөлінген ақшаны тексеріп, құжатта бар істе жоқ жобаларды тапты
Your browser doesn’t support HTML5
Нұр-Сұлтан іргесіндегі Жібек жолы ауылы отыз жыл сусыз, жарықсыз отырғанын айтады. Ауылда интернет желісі де дұрыс жұмыс істемейді. Шыдамы таусылған жұрт бюджеттен ауылға қанша ақша бөлінетінін зерттеп шығып, қағазда бар көптеген жұмыстың іс-жүзінде атқарылмағанын анықтаған. Осыдан кейін ауылға жергілікті билік келді.