"Тоқаев біле ме, білмей ме?" Қызылордалық дәрігерлер үстемақыға разы емес
Your browser doesn’t support HTML5
Қызылорда қаласында облыстық жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус пандемиясы кезінде төленуі тиіс үстемақының аз екенін айтып шағымданды. Олардың сөзінше, COVID-19 жұқтырған тұрғындардың шақыруына наурыздан бастап барып жүр, бірақ үстемақы алғашқы айда берілген де кейін тоқтап қалған. Жедел жәрдем станциясының бастығы «үстемақы қызметкерлерге ай сайын емес, жұмыс істеген сағатына қарап беріледі» дейді.