Наразы әйелдер ит-мысыққа арналған ғимаратта түнеді
Your browser doesn’t support HTML5
Нұр-Сұлтанда биліктен баспана, әлеуметтік жәрдемақы сұрап, наразылық акциясына жиі шығып жүрген бір топ әйел 8 қыркүйек күні қаңғыбас ит-мысыққа арналған ғимаратта бір түн қонып шықты. Олар "үкімет адамды жануардан кем көреді" деп шағымданады. Иесіз ит-мысық мекемесін салуға екі жыл бұрын бюджеттен 675 миллион теңге бөлінгені айтылған.