Зейнетақыңыз күнкөріске жете ме? Қариялардың жауабы
Your browser doesn’t support HTML5
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Ресми статистика бойынша, елде 2 миллион 200 мыңнан аса зейнеткер бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы 95 мың теңге екенін айтады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шілдедегі мәліметінше, зейнеткерлерге берілген ай сайынғы ең төменгі төлем – 22 500 теңге. Ең жоғарғы төлем 500 мыңнан асады. Қазақстан қаржы министрлігі келер жылдың бюджетін жоспарлағанда 2021 жылдан бастап зейнетақы көлемін 7 пайызға өсіруді ұсынған. Азаттық алматылық қариялардан «Зейнетақыңыз күнкөріске жете ме?» деп сұрады.