Тоқаевтың "саяси азшылық" деген сөзі оппозицияға жол аша ма?
Your browser doesn’t support HTML5
Басым бөлігі «Нұр-Отанның» мүшелерінен құралған парламентке оппозиция қажет екенін айтқан президенттің Ұлттық кеңес жиынында сөзін қоғамда түсінбей жатқандар байқалды. Әлеуметтік желіде түрлі сауал қойғандар да, қолдап-қуаттағандар мен сенімсіздік білдіргендер де аз емес. Ал бұған өздерін билікке оппонент санайтын мәжілістегі депутаттар не дейді? Шынайы оппозициялық партия құрамыз деп жүргендердің пікірі қандай?