Мүгедектер мен жетімдер кредиттері кешірілмегеніне наразы
Your browser doesn’t support HTML5
Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше тұрғыны Қазақстан президентінің кредитті кешіру туралы жарлығына сай тиісті санатқа ілінгенімен кезінде банктен алған несие қарызы әлі жабылмағанын айтады. Әлеуметтік қорғау мекемесінің мамандары тұрғындар деректері енгізілген базада қателіктер болғанын мойындайды.