"Балам террорист емес". Алматыда қамауда отырғандардың туыстары алаңдаулы
Your browser doesn’t support HTML5
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ұсталған адамдардың туыстары алаңдап отыр. Олардың сөзінше, оқ тиген, аяқ-қолы сынған ауруханадағы жақындарын әскерилер жағдайына қарамай, түрмеге әкеткен. Баласы не інісі митингі қатыспағанын, кездейсоқ ұсталғанын айтқандар да бар. Олар туысын босатуды сұрайды.