"Не боларын елестету қиын". Жауғаштыдағы әйелдер колониясынан вирус шықты
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 мекемесіндегі 22 жастағы аяғы ауыр әйелден коронавирус табылды. Науқас қазір карантинге жабылған Іле аудандық орталық ауруханасында жатыр. Қылмыстық атқару жүйесі вирус табылған адаммен байланыста болғандар тексеріліп жатқанын хабарлады. Бірақ инфекция анықталғандар бар-жоғы жайлы Азаттық сұрағына жауап бермеді.