Шымкент: Белсенділердің ұсталуы һәм Азаттық тілшісіне кедергі
Your browser doesn’t support HTML5
22 ақпанда Шымкентте полиция жоспарланған митинг өтеді деп белгіленген жерге келген жиырмадан астам адамды ұстады. Полиция түске дейін бірнеше белсендіні бөлімшеге жеткізіп, кейбіріне бірнеше тәулікке қамады. Аймақтағы тілшімізге де қысым жасалды. Қазақстандағы екі оппозициялық топ - "Демократиялық партия" құруды жоспарлайтын бастамашыл топ пен елде қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (ҚДТ) 22 ақпанда билікке қарсы наразылық өткізетіндерін хабарлаған.